Салтанат сарайында ұстаздар күніне арналған мерекелік кеш өтті. Оған ардагер ұстаздар және білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Қала әкімі Нариман Төреғалиев және қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады.
Шара барысында «Тәуелсіздікпен құрдас білім ұйымы» аталымы бойынша осыдан 25 жыл бұрын ашылған №35 мектеп-лицейі, №26 мектеп және №27 «Жігер» балабақшасы марапатталды. Сонымен қатар «Мерейлі жас», «25 жыл біліммен қанат қаққандар», «Мұғалімдер отбасы», «Оқушының жетістігі - ұстаздың еңбегі», «Тәуелсіздік құрдастары» атты аталымдар бойынша марапаттаулар болды.
Айым ТӨЛЕУҒАЛИ
«Орал өңірі»