Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Азамат Сәтбаевтің арнайы қатысуымен прокуратура органдарындағы өзгерістерге қатысты кездесу өтті.
Аталмыш жиынға аудандық мекемелер мен ұйымдар басшылары қатысты.
Өз кезегінде аудан басшысы облыс прокурорының орынбасары Азамат Әлібекұлына «Қош келдіңіз!» айтса, прокурор орынбасары прокуратура органдарындағы өзгерістер туралы сөз қозғады.
Барша жиынға қатысушыларға Азамат Сәтбаев Батыс Қазақстан облысы прокурорының бұйрығына сәйкес аудан прокуроры боп тағайындалған Жұмабай Ермековпен таныстырды.
Жиын барысында аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық сот төрағасының у.м.а Марат Шыңғалиев бүгінге дейін аудандық прокурор қызметін атқарып келген Қанәбіл Төремұратовке алғысын айтты.
Еркебұлан Бисенғалиев
Бөкей ордасы ауданы