28.04.2025, 15:15
Оқылды: 628

Жалпақтал туралы бейне ролик халықаралық байқауда І орынға ие болды

Казталов аудандық Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Динара Ғұмар Қырғыз Республикасы мен Қазақстан Республикасының жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ұйымдастырылған «Туған өлкең туралы әңгімеле» атты халықаралық қашықтықтан өлкетану бейнероликтер байқауына қатысып, «Мен туған өлкеммен мақтанамын» номинациясы бойынша жүлделі І орын иеленді.

WhatsApp Image 2025-04-28 at 16.08.28
Динара — байқауға ұсынған өзінің бейнеролигінде Жалпақтал ауылының тарихымен бөлісіп, әлі күнге дейін сақталған әрі жаңартылған тарихи орындар мен көрікті жерлерді толықтай таныстыра білген.

WhatsApp Image 2025-04-28 at 16.07.47 WhatsApp Image 2025-04-28 at 16.08.58
Байқау қорытындысында Динара Ғұмармен бірге оның жетекшісі, аға тәлімгер Нұржауған Молдағалиева да Алғыс хатпен марапатталды.
Туған жердің атын асқақтатқан айтулы жеңіс құтты болсын, Динара! Елжандылықты танытар патриоттық еңбектерің алда да ел сенімен табыла берсін!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале