29.05.2025, 16:15
Оқылды: 201

Оралда «Алаш арыстарының аманаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы «Алаш арыстарының аманаты» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 17.02.39

Басқосудың мақсаты – тарихтың ең бір зұлмат беттерінің бірі саналатын қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Алаш арыстарының елге қалдырған өсиетін бүгінгі ұрпақ санасына сіңіру. Шара модераторы – М. Өтемісов атындағы БҚУ-дың ҚР тарихы кафедрасының оқытушысы Азамат Кенжеғалиев.

WhatsApp Image 2025-05-29 at 17.02.39 (1)

Аталған шараға тарих ғылымдарының докторлары, профессорлар, магистрлер мен мектеп мұғалімдері қатысып, Алаш зиялыларының күресі мен саяси қуғын-сүргіннің қазақ қоғамына тигізген зардабы туралы баяндама жасады.

Жанерке Мерекеқызы, 

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале