1.09.2025, 9:30
Оқылды: 98

Төрт облыста ауа температурасы 30-дан жоғары – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 1-і күнгі күн райы болжамын жариялады. 

казах виллидж жп (22)
Батыс антициклоны салдарынан Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің қалған аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, шығысында, ҚР орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Республиканың солтүстігінде, шығысында түнгі уақытта жаңбырдың соңғы қарға ұласуы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп, елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, елдің солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында 35-37 градус, Маңғыстау облысында 38 градус, Ақтөбе облысының батысында 35 градус ыстық.

Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстікте, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде,шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале