4.03.2026, 10:00
Оқылды: 297

Оралда 4000 жастың үні жаңғырды: референдумды қолдауға арналған фестиваль ел назарын аударды

Орал қаласындағы Жайық арена спорт кешенінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды жастар фестивалі өтті. Іс-шараға Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысынан 4000-нан астам жас жиналды.

bcc12df0-7a71-4cb4-8938-b923f50d6e47

Фестиваль заманауи форматта ұйымдастырылып, Конституцияның қоғам дамуындағы рөлі, азаматтық жауапкершілік және ел болашағы кеңінен талқыланды. Спикерлер жаңа Конституция жобасы саяси жүйеге, экономикаға және қоғамдық келісімге әсерін атап өтті. Қатысушылар референдумның маңызын қолдап, белсенді позиция танытуға дайын екендерін білдірді.

7101c6a4-bba0-4bc6-be31-534b362b6e22

Кештің әсерлі сәті – 2000 фонариктен құралған «таңдау» символы. Дронмен түсірілген көрініс жастардың бірлігі мен ортақ ұстанымын айшықтады. Әлеуметтік желіде #БізҚолдаймыз хештегі кең қолдау тапты.

8f278d27-b2bc-4cf4-b778-103364495012

Мәдени бағдарламада Rafa, Алина Герц және хедлайнер Нұржан Керменбаев өнер көрсетті.

9fc24740-e220-4fb2-8f73-35df169cd57d

Фестиваль соңында мыңдаған жас «Атамекен» әнін бірге орындап, жаңа Конституцияны қолдайтынын және ел болашағына бейжай қарамайтынын нақты көрсетті.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале