7.04.2026, 23:00
Оқылды: 7

Қазақстанда салауатты өмір салтына бейімділіктің өсуі байқалуда

Бүгін, 7 сәуірде Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл күн ерте шақтан салауатты әдеттерді қалыптастырудың, аурулар профилактикасының және белсенді өмір салтының маңыздылығына арналған.

photo-output

Ұлттық зерттеулердің деректеріне сәйкес күн сайын кемінде 400 грамм жеміс пен көкөніс тұтынатын азаматтардың үлесі 2015 жылғы 34,3%-дан 2024 жылы 41,7%-ға дейін артқан.
Бұл халықтың арасында дұрыс тамақтану дағдыларының біртіндеп қалыптасып, тамақтану мәселелеріндегі саналы көзқарастың артқанын көрсетеді.
Алкогольді қауіпті мөлшерде тұтыну деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Егер 2015 жылы бұл көрсеткіш 4,1% болса, 2024 жылы 1,6%-ға дейін азайған.
Сонымен қатар халықтың дене белсенділігі де артып келеді. Аптасына кемінде 150 минут орташа немесе жоғары деңгейдегі дене белсенділігімен айналысатын ересектердің үлесі 2021 жылғы 18,8%-дан 2024 жылы 30,4%-ға дейін өсті.
Халық денсаулығын нығайту және қауіп факторларын төмендету мақсатында 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға жас шектеулері енгізілді — оларды 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатуға тыйым салынған.
Сондай-ақ, сату қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Қосымша түрде энергетикалық сусындарға қатысты акциздік саясат енгізілуде. Акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен 2030 жылға қарай 240 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Бұл шаралар, әсіресе жастардың арасында, денсаулыққа зиян келтіретін өнімдерді тұтынуды азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының семіздікпен күресті жеделдету жөніндегі жаһандық жоспарына қосылды. Бұл дұрыс тамақтануды ілгерілету және инфекциялық емес аурулардың профилактикасы бойынша сектораралық шараларды күшейтуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық мәдениетін қалыптастыру, қауіп факторларын төмендету және халықтың өмір сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастырады.

ҚР Денсаулық министрлігінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале