Шыңғырлау ауданы, Ащысай ауылдық округінің саябағында демеушілердің қолдауымен бой көтерген жаңа сахна ауыл тұрғындарының игілігіне ұсынылды. Бұл игі бастаманың жүзеге асуына ұйытқы болған – ауыл әкімі Жарас Юмабаев.

Жаңа сахнаның алғашқы шымылдығын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ашып, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Концерт барысында жарты ғасырлық тарихы бар «Арай» вокалды-аспаптар ансамблі мен Ащысайдың жас өнерпаздарынан құралған «Aщысай band» аспаптар тобы бірлесіп өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шараға арнайы қатысқан Шыңғырлау ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Олжас Сейтимов ауыл тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, жаңа сахнада ауыл өнерпаздарының талай жарқын өнер көрсетіп, биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, туған ауылындағы мәдениеттің дамуына әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ауыл әкімі Жарас Юмабаевқа ризашылық білдіріп, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан Алғыс хат табыстады.
Нұрғали Сабыр,
Шыңғырлау ауданы