Облыста қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайсыз. 2026 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында қызылшаның 303 жағдайы тіркелді.

Сурет: istockphoto.com
Сырқаттанушылық келесі аумақтарда анықталды:
* Орал қаласы – 257 жағдай;
* Бөрлі ауданы – 10;
* Бәйтерек ауданы – 15;
* Теректі ауданы – 9;
* Қазталов ауданы – 4;
* Сырым, Қаратөбе, Жаңақала және Шыңғырлау аудандарында – 2 жағдайдан.
Жас ерекшелігі бойынша:
* 1 жасқа дейінгі балалар – 88 жағдай;
* 14 жасқа дейінгі балалар – 163 жағдай;
* 14 жастан асқан адамдар – 52 жағдай.
Сырқаттанғандардың басым көпшілігі қызылшаға қарсы профилактикалық екпе алмағандар. Қызылша – өте жұқпалы вирустық инфекция. Ауру әсіресе кішкентай балалар мен иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті. Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы – вакцинация. Қызылшадан қалай сақтануға болады?
Вакцинация
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы профилактикалық екпе алыңыз. Адам көп жиналатын орындардан сақ болыңыз Қажетсіз жағдайда қоғамдық орындарға баруды шектеген жөн. Бөлмені жиі желдетіңіз. Үй-жайларды күнделікті желдетіп, таза ауаның жеткілікті болуын қамтамасыз етіңіз. Қол гигиенасын сақтаңыз. Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, қажет болған жағдайда антисептик қолданыңыз. Ауырған адамдармен байланыстан аулақ болыңыз. Қызылша белгілері байқалған адамдармен қарым-қатынасты шектеңіз. Иммунитетті нығайтыңыз. Дұрыс тамақтаныңыз, жеткілікті ұйықтаңыз және дене белсенділігін сақтаңыз. Өзіңізді және жақындарыңызды қызылшадан қорғаңыз – екпе алыңыз!
Гульдана Кереева,
БҚО санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының
міндетін атқарушы