3.09.2026, 16:45
Оқылды: 8

Димаш Құдайберген Президент сыйлаған тазысын көрсетті

Әнші, қазақ халқының мақтанышы Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Президент сыйлаған тазысын көрсетті.

61f57151-44a0-4038-9fa4-012c30d4cc55

Бүгін - қазақ тазысы күні. Сіздермен бірегей кадрлармен бөліскім келеді. Бірінші суретте - бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды.
Ал екінші суретте менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары.

ad163fe1-f581-4c83-92f3-cea5c6fcfbbe

Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым. Осы бірегей кадрлар үшін Президент Телерадиокешеніне алғыс айтамын, - деп жазды ол өзінің instagram парақшасында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале