8.10.2026, 13:00
Оқылды: 2

Бөрлі ауданында ұстаздар сынға түсті

Бөрлі ауданы білім беру бөлімі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ақсай қаласы № 4 ЖОББМ базасында білім беру саласының қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттау, ұстаздар арасында бұқаралық спортты дамыту және әріптестердің өзара ынтымақтастығын арттыруды мақсат еткен спорттық додаға аудан мектептерінен 19 команда қатысты.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 13.35.50
Шараның ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Ерік Төлепқалиев, білім беру бөлімінің басшысы Айымгүл Тржанова, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Исатай Қарабаев және әдіскерлер мен мектеп директорлары қатысып, ұстаздарға сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 13.06.44

Спартакиада барысында мұғалімдер волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық, арқан тарту, нысана көздеу және үстел теннисі бойынша сынға түсті.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 13.06.44 (1)

- Ұлттық спорт түрлеріне де ерекше мән беріліп, ұстаздар асық ату, бес асық және тоғызқұмалақ бойынша өзара тәжірибе мен шеберліктерін ортаға салды. Бұл сайыстар ұлттық ойындарды дәріптеп қана қоймай, олардың жастар тәрбиесіндегі маңызын насихаттауға мүмкіндік берді. Спартакиада барысында әр команда жеңіске деген жігерін танытып, жоғары нәтижеге ұмтылды. Спорттық бәсеке достық қарым-қатынасты нығайтып, әріптестер арасында көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырды, -дейді ұйымдастырушылардың бірі аудандық білім беру бөлімінің дене шынықтыру пәні бойынша әдіскері Ғұмар Әжіғалиев.

WhatsApp Image 2026-10-08 at 13.06.44 (4)

Спартакиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте үздік шыққандар марапатталды. Бірінші орынды Ақсай қаласының №6 МЛ командасы еншіледі. Екінші орынға Ақсай қаласының №4 ЖОББМ қол жеткізсе, үздік үштіктің қатарынан Ақсай қаласы №3 ЖОББМ табылды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале