7.10.2026, 19:30
Оқылды: 7

Шыңғырлау ауданында мал ұрлығы мен жол қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

​Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен Ақшат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті.

image-07-10-26-07-04-1_edit_30950616280380

Жиынға аудан прокуроры Ерлан Мұхтаров, полиция бөлімінің бастығы Сергей Астафьев, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов, округ депутаты Жолдас Байкатов, ветеринария бөлімінің басшысы Досқанат Сағынбай және ауыл тұрғындары қатысты.

image-07-10-26-07-04-4_edit_30961079527199

Басқосудың басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу және қараусыз жүрген мал салдарынан болатын жол-көлік оқиғаларын азайту. Жиында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланып, тұрғындарға малды қараусыз қалдырмау, қора-жайларды қауіпсіздік талаптарына сай ұстау қажеттігі түсіндірілді.

image-07-10-26-07-04-1_edit_30969474379695

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріліп, шара соңында аудан әкімі мен прокурор азаматтарды жеке қабылдады.

Нұрғали Төлегенов, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале