26.04.2017, 19:06
Оқылды: 60

Береке бастауы – бірлікте

 Shingirlau bereke bastaui birlikte    Мәні мен маңызы зор 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен украин, татар, орыс ұлттық мәдени орталықтары мен «Елім-ай» әжелер фольклорлық тобы «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық» тақырыбымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде бас қосты.


  Аудан әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетовтің кіріспе сөзімен ашылған  келелі жиында ауданымыздағы қоғамдық-саяси ахуал, ұлтаралық келісім мен мен бірлік тақырыбын аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Садықова өз баяндамасына арқау етсе, «Марычка» украин ұлтық мәдени орталығының жетекшісі Н.Алиева өз халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дәріптеуде жасалып жатқан шаралар жөнінде айта келіп, қандай  мереке-жиын болса да, аудан мекеме-ұйымдары тарапынан тек қана қолдау көріп келе жатқандығына ризашылық сезімін білдірді. Осындай тілекке татар ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Л.Волошина да қосылды.

   Шара барысында ауданға арнайы іссапармен келген БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің медиация кабинетінің меңгерушісі Т.Италиева сөз алып, дауды бітімгершілікпен шешудің екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу туралы айта келіп, ауданымызда осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қанықты.

      Осы мәселе төңірегінде аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі және мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы А.Нұрышев хабарлама жасады. Шараға қатысушылар  «Ел бірлігі - ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге керек»,-деп Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекетіміздің даму болашағының бір көзі халқымыздың татулығы мен бірлігі екендігін бір ауыздан мақұлдады.

Гүлшат Ботанова

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале