10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруларын сатып алу бойынша кезекті акция өтуде.
Акция басынан ІІО-да 115 арыз келіп түсті, соның негізінде 127 дана атыс қаруы тапсырылды.
Жалпы БҚО ІІД үшін аталған акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 8 млн 034 мың теңге бөлінді.
Бүгінгі күні тапсырылған қару және оқ-дәрілер шамамен 6 млн 575 мың 562 теңгені құрап отыр, оның ішінде қазіргі уақытта 43 материал бойынша жалпы сомасы 2 млн 287 мың 152 теңге ақшалай сыйақы берілді.
БҚО ІІД ӘПБ