31.05.2017, 10:31
Оқылды: 70

«Қасиетті жылдар жаңғырығы»

Kaztalov kasietti jildar jangirigi   31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Қазталов аудандық орталық кітапханада «Қасиетті жылдар жаңғырығы» атты оқырмандар конференциясы өтті.

   Конференцияға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева, қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, жастар өкілдері, ардагер-ұстаздар мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.


   Алаш қозғалысының ғибраты, қайраткерлеріміз жүріп өткен жол, олардың күресі, қаламгерлеріміздің жүрегінен туған көркем ой – тәуелсіз мемлекет құрған, егемен ел болған қазақ баласының үлкеніне де, кішісіне де тағылым болуға тиісті. Алаш зиялыларының азаттық үшін алысқан күндерінің салмағы мен бағасын ұғынған сайын біз бүгінгі тәуелсіздігіміздің мәнін сезініп, баянды болашағымыз үшін әрекет істеуге дайын бола  бермекпіз, -деді конференцияда сөз алғандар.

   Конференцияда сонымен қатар Әжібай ауылының тұрғыны Оразбай Жұмағұлов «Бесеудің хатын» жазған Мансұр Ғатауллин, ардагер-ұстаз Шәрипа Нығметова Алашорда сиезіне қатысқан атасы Ибрагим Мұлқашев жөнінде естеліктерімен бөлісті.

   Сондай-ақ Алаш арыстары жөнінде жастар жырлар оқып, конференция Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Алаш ұраны» өлеңімен түйінделді.

   Конференция соңында «Алаш – 100» тақырыбындаға кітап көрмесі таныстырылды.

Мөлдір ӘНУАРБЕК

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале