21.06.2017, 15:06
Оқылды: 53

Оралда мас күйінде автокөлік айдаған 278 жүргізуші жауапқа тартылды

mas kyinde    Орал қаласы мамандандырылған әкімшілік соты жыл басынан бері автокөлікті мас күйінде айдаған 278 жүргізушіні жауапқа тартты.


    БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол ережесін өрескел бұзған олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабына сәйкес жазаланды. Соның ішінде 12-сі қамауға алынса, 266 жүргізуші 3 жылдан 5 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

      Айта кетейік, автокөлік руліне мас күйінде отырғандардың жол-көлік оқиғасын жасап, өзгелердің өміріне қауіп төндіретіні жасырын емес.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале