7.09.2017, 11:33
Оқылды: 146

Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» кітабы оқырманға жол тартты

IMG-20170907-WA0015Қазіргі сəтте «Жайық Пресс» медиахолдингінің мəжіліс залында жергілікті журналист, белгілі тележүргізуші, ақын Мұнайдар Балмолданың «Он төрт» кітабының таныстырылымы өтуде.


Өлке тарихының қалтарысында қалған құпия сырды жарыққа шығарған құнды туындының таныстырылымына тарихшы ғалымдар, жергілікті өлкетанушылар, ұлт тарихына енжар қарамайтын қала тұрғындары, Қазталов, Зеленов, Теректі, Жаңақала аудандары əкімдіктерінен арнайы келген өкілдер жəне роман кейіпкерлерінің ұрпақтары қатысуда.

"Жайық Пресс" ЖШС бас директоры Жантас Сафуллиннің кіріспе сөзімен ашылған тағылымды шара барысында жиналғандар назарына арнайы даярланған бейнеролик ұсынылды.

IMG-20170907-WA0020Жаңа кітаптың лентасын кесу құрметі кешке қатысып отырған роман кейіпкерлерінің - он төрт арыстың ұрпақтары Нұржиян Сатқалиқызы жəне Кенжеғали Қаражановқа берілді.

Айта кетейік, тарихи дерек бойынша жазылған«Он төрт» атты жаңа роман – тарихымыздың кейбір ақтаңдақ беттерін түгендеуге тың бір талпыныс. Бұл кітапта автор Мұнайдар Балмолда зұлматты 1937 жылдан кейін алаш қайраткерлерінің аманатын арқалап қалғандай өздерін ұлт мүддесіне қызмет етуге жегіп, «Қазақ халқын қорғаушылар Одағы» атты жасырын антикеңестік ұйым құрып, бір іске жұмылған қазақтың он төрт жас оғланының қайғылы тағдырын суреттейді.

IMG-20170907-WA00181940 жылы өңіріміздің Жалпақтал ауданында (сол кезгі Фурманов ауданы) құрылған жасырын ұйым кеңес үкіметінен Қазақстанның бөлініп шығып, өз алдына дербес мемлекет болып өмір сүруін қалайды. Олар соны үкімет басшыларынан талап етеді. КСРО Конституциясын басшылыққа алып, жоғарыға хат жазады, егер хатта көрсетілген талап орындалмаған жағдайда қазақ халқы қолына қару алып, өз мүддесін қорғауға бел буады, осы жолда «ҚХҚО» ұйымы бас болады деп атап көрсетеді. Олар жұмыстарын жандандыру бағытында IMG-20170907-WA0022үнпарақ басып шығарады, ұйымның куәлігін дайындайды, қарулы көтерілістің жоспарын құрады, бірақ мұның барлығы іске аспаған нәрселер еді. Он төрт жігітті НКВД адымын аштырмай тұтқындайды. 1941 жылдың желтоқсан айының аяғында оларды Оралдың («Қырықтұрба»)  түрмесіне қамайды. 1942 жылдың наурызына шейін жауаптау, тергеу жұмысы жүреді. Орал түрмесінде азап шеккен он төрт боздақты ақыры айрықша кеңестің шешімімен сотсыз үкім шығарып, жазаға кеседі.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале