13.09.2018, 18:00
Оқылды: 59

Наурызда басталған эстафета Бөрлі ауданына жетті

Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнаманың қабылданғанына биыл – 20 жыл толып отыр. Осы айтулы датаға орай, БҚО-да наурыз айында «Адал жол – честный путь» ұранымен парақорлыққа қарсы марафоны бастау алған болатын. Бүгін марафон эстафетасын Шыңғырлаудан Бөрлі ауданы қабылдады.

IMG_7525

Енді ауданда үш апта бойы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өтеді. Шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдар, аға буын, жастар мен студенттер белсенді қатысты.

Зеленов ауданынан басталған марафон облыстың тоғыз ауданында болды. Шыңғырлау ауданының әкімі Альберт Есалиев эстафетаны Бөрлі ауданның әкімі Санжар Әлиевке салтанатпен табыс етті.

            Марафон аясында Бөрлі ауданында өтетін іс-шаралардың ауқымы кең.

            - Бұл мәселе елімізге халыққа қоғамға өте маңызы үлкен. Өйткені сыбайлас жемқорлық еліміздің дамуына үлкен кедергі жасап отыр. Сондықтан бұл шара алдымен студенттердің арасында өтуде. Ел болашағы жастар десек, жемқорлықсыз болашақ құру осы жастарымыздың міндеті. Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің БҚО департаментінің  бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон Бөрлі ауданына келіп отыр. Шара барлық деңгейде қамтылып, түсініктеме жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың маңыздылығын түсіндіру мақсатында шаралар өтетін болады.  Эстафетаны барлық ауылдық округтерге дейін жеткізіп, онда жастармен, қоғам белсенділерімен кездесу ұйымдастырылады, - деді өз сөзінде Бөрлі ауданының әкімі Санжар Әлиев. Бөрлі эстафетаны Теректі ауданына табыстамақ.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

IMG_7517

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале