16.11.2018, 15:33
Оқылды: 113

Ақжайықтық бүлдіршіндер асық атуды үйренді

Ақжайық ауданы орталығындағы «Аяна» жеке балабақшасында бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналған «Балаларға базарлық» атты ертеңгілік өткізілді.

aqjaiyq (1)

Қазіргі таңда балабақшада 1,5-3 жасқа дейінгі жиырма бөбек тәрбиеленеді. Кішкентай балғындар Рауан Бақытжан, Раяна Мереке, Айша Сағиден мен Мерхат Баймурзиннің өлең, тақпақ айтуларымен басталған шарада зейнеткер Балым Хамзина тәрбиеленушілерге бесіктің маңызы жайында айтты. Бесікке жатқан нәрестенің ұйқысы тыныш, тұлабойы таза, тіл-көзден аман болатыны, ал анасынан, әжесінен «Бесік жырын» тыңдаған балаға ұлттық қасиет даритыны баяндалды.

         Әңгіме үлкендерге де ой салғаны сөзсіз. Еңбек ардагері Аманғали Қайсағалиев бесікті аршы, тобылғыдан жасайтынын айта келіп, Жәнібек ханның «Боз дөнен» күйін шертіп берді. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы мектептің мұғалімдері Қуаныш Телағысов пен Дина Бекмағамбетова бүлдіршіндерге асық атуды, бесасық ойнауды үйретті.

aqjaiyq (2)

Әли АСҚАР,

Ақжайық ауданы

суреттерді түсірген автор

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале