Бүгін таңмен Сырым аудандық орталық мешітінде айт намазы оқылды. Жергілікті жамағатты Ораза айт мерекесімен Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев құттықтады.
Бас имам Әлішер Ералиевтің айтуынша, аудандық мешітте Рамазан айы бойына Тәжікстаннан келген қари Бехрус Рахимов аудандық мешітте тарауық намазын өткізіп, қасиетті Қадыр түнінде Құран Кәрімді толық хатым етті.
Бүгін айт намазы оқылып болғаннан кейін мешіттің ішінде және ауласындағы киіз үйде дастархан жайылып, ауыл ақсақалдарына, мешіт келушілеріне айттық берілді.
Түске дейін Жымпитыда Ораза айттың құрметіне спорттық жарыстар өтеді. Мерекелік шаралар кешкілік С.Датұлы атындағы мәдени – демалыс саябағында қорытындыланады.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы,
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер