Қазталов ауданы Ақпәтер, Талдықұдық ауылдарындағы фельдшерлік акушерлік пункттің көліктері 2004 жылдан бері жаңартылмаған. Қос округке арнайы барған аудан әкімі Абат Шыныбеков жедел жәрдем көліктерінің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
-Адам жанының арашасы боп жүрген дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағыты бойынша жылдың басында Ақпәтер ауылында жергілікті кәсіпкердің өз қаражатына жаңа медициналық пункт салып берді. Ауданда медицинаға көңіл бөлініп, есеп беру жиындарында тұрғындар жедел жәрдем көлігін мәселе етіп көтерген болатын. Бүгінде сол мәселе шешімін тапты. Көлікті игіліктеріңізге пайдаланыңыз,-деді аудан әкімі Абат Абайұлы.
Тұрарбек Ақмурзин,
Қазталов ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер