Есепті мерзім ішінде БҚО бойынша әдіп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызмет, әдеп кодексі туралы 15 қабылдау жүргізіп, кеңес берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін бұзу профилактикасы және оған жол бермеу тақырыбында, мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру сұрағы бойынша 5 семинар, дәріс және 2 бекітілген нысанда анонимді сауалнама жүргізілді.
Анонимді сауалнама ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін анықтады. Сауалнама жұмыстағы қарым-қатынасты жақсарту үшін нақты шара қабылдауға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, әдеп жөніндегі уәкілден әр азамат мемлекеттік қызметкерлерге байланысты әдеп жөнінде немесе мүдделер қақтығысы бойынша кеңес ала алады.
Бізбен байланыс: БҚО, Орал қаласы, Досмұхамедов көшесі, 45 каб.№41, телефон 8-(711-2)-50-49-79.
Азаматтарды қабылдау әр айдың соңғы жұма күні. Тұрғындар жоғарыда көрсетілген телефонға қоңырау шалып, алдын ала жазылуы қажет.
Әдеп жөніндегі уәкіл,
БҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті
басшысының орынбасары Кайролла Нурмуканов