21.05.2024, 12:00
Оқылды: 55

БҚО: әйел адам бала босану кезінде өліп кеткен

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оқиға 15 мамырда Жаңақала аудандық ауруханасында болған.

Полиция ЖП

- 15 мамыр күні Жаңақала аудандық ауруханасында бала босану кезінде әйел адам қайтыс болды. Осы оқиғаға қатысты Жаңақала аудандық полиция бөлімі тергеуді бастады, - деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Әйел адамның жасы, денсаулық  жағдайы туралы ешқандай ақпарат жоқ.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.

  • Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Әзірге ештеңе айта алмаймыз, - деді телефонмен сөйлесу барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңақала ауданында бала босану кезінде әйел адамның қайтыс болып кетуі бірінші оқиға емес.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Жаңақала аудандық ауруханасында 44 жастағы әйел адам босану кезінде қайтыс болып, төрт бала жетім қалған еді.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале