27.03.2020, 16:04
Оқылды: 45

Оралда көшелерге дезинфекция жасалуда

27 наурызда коронавирустың алдын алу, таралуына жол бермеу мақсатында әрі төтенше жағдайға байланысты Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, қаладағы Н.Назарбаев даңғылына  дезинфекция жүргізді.

9B068B1F-30EE-40F7-B4DB-33AA32E4ACF7

Хлор ерітіндісімен урналар, бордюрлер, тротуарлар, орындықтар, аялдама павильондары дезинфекцияланды.

6B48FBF0-8BDB-40F8-88C1-3A3BA649C4E4

Біздің мақсатымыз – инфекцияның таралуының алдын алу. Коронавирустың жаңа түрі ауада 3 сағатқа жуық өмір сүруге қабілетті, ал 48 сағат ауа-тамшы арқылы жұқтыру қаупі жоғары. Сондықтан көшелер мен қоғамдық орындарды дезинфекциялау – коронавируспен күрестің маңызды бөлігі.

C02726D4-69DF-416E-A360-0C2291881D81

Қала бойынша дезинфекция жұмыстарына жеке құрамнан 30 адам және 5 бірлік техника тартылды.

Құрметті Орал қаласы тұрғындары мен қонақтары!

- Қоғамдық орындарға: сауда орталықтарына, спорттық және ойын-сауық іс-шараларына барудан бас тартыңыз.

- Қоғамдық орындарда бір рет қолданылатын медициналық маска (респиратор) қолданыңыз, оны әр 2-3 сағат сайын ауыстырыңыз.

- ЖРВИ белгілері (жөтел, түшкіру) бар адамдармен жақын қарым-қатынаста болудан және бір бөлмеде болудан аулақ болыңыз.

- Көшеде бөтен адамдармен байланысқан соң қолды сабынмен және сумен мұқият жуыңыз.

- Гаджеттерді, оргтехниканы және жанасатын беттерді дезинфекциялаңыз.

- Мүмкіндігінше сәлемдесу кезінде тығыз құшақ айқастыруды және қол алысуды шектеңіз.

- Жеке гигиена заттарын (сүлгі, тіс щеткасы) ғана пайдаланыңыз.

 А. Қадыров

Орал қалалық ТЖБ бас маманы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале