5.03.2015, 6:39
Оқылды: 80

Ақпараттық хабар

_news_6115__1


«Қазақстан» Республикалық Телерадио-корпорациясы» акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалы (бұдан әрі – Телеарна) – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер кандидаттарды сайлау алдындағы үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары): аудио-визуалдық материалдарды (бейнероликтерді) 2015 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс сайлауға қатысу үшін Телеарнада орналастырудың төлем мөлшері, эфирлік уақытты ұсыну шарттары мен тәртібі туралы хабарландырады.


Сайлау алдындағы үгіт жүргізу 2015 жылғы 26 наурызда басталып, сайлау өтетін күннен бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады, яғни үгіт материалдарын эфирге орналастыру 2015 жылғы 24 сәуір сағат 24.00-ге дейін іске асырылады.

 

Телеарнаның  эфирлік  уақыт ұсыну  тәртібі  мен  жалпы  шарттары:

Эфирлік уақытты беру Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер ретінде тіркелген Кандидат немесе оның уәкілетті өкілі және Телеарна арасында жасасқан эфирлік уақыт беру туралы жазбаша келісімшарттың және Телеарна бекіткен монтаждық парақтардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте монтаждық парақтар үгіт материалдары эфирге шығуының болжамды күніне  дейінгі 5 (бес) жұмыс күннің ішінде, Телеарнаға жазбаша өтініш түскен шақтағы техникалық мүмкіндіктеріне, яғни Телеарнаның эфирлік уақытында болжанып отырған уақыт интервалында жарнаманың болуына және/немесе болмауына сәйкес әзірленеді. Бе-рілетін эфирлік уақыт ұзақтығы 60 (алпыс) секундтан аспайтын аудиовизуалдық материалдарды  орналастыру  арқылы  жүзеге  асырылады.

Телеарнада үгіт материалдарын орналастыру қазақ тілінде немесе екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде 50 де 50 тепе-теңдік мөлшерінде  іске  асырылады.

Жоғарыда көрсетілген келісімшартқа қол қою үшін тіркелген Кандидат/ҚР Президенттігіне тіркелген кандидаттың мүддесін білдіретін өкілетті тұлға сайлауға қатысу үшін Телеарнаға төмендегі деректерді көрсете отырып, жазбаша нысанда өтініш ұсынады:

1. Үгіт материалдарын орналастыру үшін эфирлік уақытты беру туралы жазбаша өтініштің берілген күні мен уақытын. Өтініш ҚР Президенттігіне үміткер кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналына әрбір өтінішке реттік нөмірін беру және өтініш түскен күнді белгілеу  арқылы  кезектілік  ретімен  тіркеледі;

2. Тіркелген кандидаттың аты-жөні/жазбаша өтінішті ұсынатын өкілетті тұлғаның аты-жөні;

3. Жазбаша өтінішті ұсынған тұлғаның уәкілеттіктерін растайтын құжатты. Тіркелген кандидат үшін – кандидаттың/ өкілетті тұлғаның уәкілетті мемлекеттік орган берген жеке куәлігі, кандидаттың/өкілетті тұлғаның сенімхаты бар жеке куәлігі;

4. Үгіт материалдарының эфирге шығудың жоспарлы күні мен уақытын, үгіт материалдарының ұзақтығын;

5. Жазбаша өтінішті ұсынған тіркелген кандидаттың немесе өкілетті/сенімді тұлғаның қолын;

Жазбаша өтінішке сілтеме жасалған құжаттардың  көшірмесі  қоса  беріледі.

Жазбаша өтініштерді Телеарна сенбі, жексенбі және демалыс күндерінен басқа, 2015 жылғы 20 наурыздан бастап 2015 жылғы 17 сәуірді қоса алғандағы мерзімде сағат 10.00-ден бастап 17.00-ге дейін, Орал қ., Н.Сдықов көш. «Қазақстан» РТРК АҚ БҚОФ, мекенжайы бойынша қабылдайды.

Факсимильді және Интернет байланыстары арқылы жіберілген жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Тіркелген кандидаттардың үгіт материалдарын Телеарна эфирінде орналастыру кезектілігі өтініштердің келіп түсу уақыты бойынша немесе, өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда жеребе тастау арқылы белгіленеді. Жеребе тастау тәртібі мен шарттарын Телеарна анықтайды.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте сұралып отырған уақыт өтінішті одан бұрынырақ ұсынған басқа кандидатқа беріліп қойған болса немесе техникалық мүмкіндіктер бойынша ұсыну мүмкін болмаған жағдайда Телеарна өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, үгіт материалдарын орналастыру  үшін  басқа  уақытты  ұсынады.

Телеарнаға  үгіт  материалдарын ұсыну тәртібі:

Үгіт материалдары Телеарнаға эфирге шығатын күннен 5 (бес) күнтізбелік күн бұрын үгіт материалының мазмұнын танытатын мәтін жазбасын қоса бере отырып, эфирлік уақытты ұсыну туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлға немесе тіркелген кандидат қол қойған электрондық тасымалдағыштарда, үгіт материалдарында бейнесі пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттарымен, ал олар қайтыс болған жағдайда олардың мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттарымен, ал кәмелетке толмаған балалардың бейнесін пайдалану орын алған жағдайда олардың ата-анасының, қамқоршысының немесе тәрбиешісінің жазбаша рұқсатымен ұсынылады.

Үгіттік дыбыс-бейне материалдары DVCPRO HD немесе XDCAM HD 50 Мбит/сек кодталған форматта, profile 4:2:2, секундына 25 кадр,  HD стандартындағы кадр мөлшерімен, interlaced жазба түрімен, өрістердің қойылу тәртібі - үстіңгі бірінші өріс (top field first), дыбысы және тайм-коды қойылған кадрдың арақатынасы 16:9 электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады. Үгіт материалдарының төленгені, қаржыландыру көзі, ақпарат ұсынған тұлғаның тегі туралы дыбыстық немесе визуалдық ақпарат үгіт аудиовизуалды материалдарында  қамтылуы  тиіс.

Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық  құрылымын күштеп өзгертудi, аумақтық тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскери құрылымдарды құру туралы мәліметтер болса, Телеарна ондай үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартады.

Егер үгіт материалдарында тіркелген басқа кандидаттардың ар-намысына, абыройына және iскерлiк беделдiлiгiне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Телеарна ондай үгіт материалдарын эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осындай материалдарды ұсынушы тіркелген кандидат Телеарна талабы бойынша үгіт материалдарында жоғарыда аталған ақпараттың шындығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Үгіт материалдары мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңның талаптарына сәйкестігі оларды ұсынған кандидаттың персоналды жауапкершілігіне жатады.

Егер осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті келісімшартта көрсетілген шарттар бұзылған жағдайда үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді немесе олар жойғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақыт берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Жасасқан шарт бойынша төлем Телеарна төлемге белгілеген шот негізінде Телеарна деректемелеріне осындай шот шығарылған сәттен бастап 5 (бес) банк күні ішінде жүзеге асырылады.


А. ГУБАШЕВ,

«Қазақстан» РТРК» АҚ БҚОФ директоры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале