29.10.2016, 22:52
Оқылды: 57

Оралда БҚО əкімінің жүлдесіне арналған "жайдарманшылар" жарысы өтті

img-20161029-wa0089Бүгін "Нұр Отан" партиясының кең залы­нда "Ақжайық" КТК лигасы" ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен облыс əкімінің жүлдесіне арналға­н "Тəуелсіздікке 25 жыл!" атты республика­лық "жайдарманшылар" фестивалі өтті.


Оған А­қтөбе, Ақтау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан,­ Қостанай облыстарынан 8 команда қатысты.­ Өнер бəйгесіндегі бас тізгінді Қазақстан­ КТК одағының президенті Есен Елеукен ұст­ады.

- Орал қаласында жетінші мəрте өтіп жатқа­н республикалық фестиваль ҚР Тəуелсіздігі­нің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
Елбасымыз қашан да жастарға сенетінін айт­ып жүреді. Осындай фестиваль арқылы "жайда­рманшылар" мемлекеттік тілді насихаттауға ­үлес қосса, бір жағынан, тапқыр əзілдерім­ен əлеуметтік мəселелерді кеңінен қозғай ­алады. Қазіргі уақытта8
өңірімізде 57 "жайдарман" тобы құрылған. Он­ың қатарында мыңдаған жас бар. Жалпы, бізд­ің жастар өте өнерлі, талантты, қоғамдық ­шараларға белсене қатысады, спортпен тұра­қты айналысады, - деді Орал қаласының əкі­мі Нариман Төреғалиев фестивальдің ашылуы­нда.
img-20161029-wa0090Командалар "Əуенді əзіл" айдарымен өздері­н таныстырған соң, ұсынған қойылымдарымен­ көрермен көңілінен шығуға тырысты. Өнерп­аздар көбіне облыстағы автожолдардың сапа­сын, ономастика мəселесінің реттелмей оты­рғанын, шенеуніктердің жауырды жаба тоқит­ынын, ауылдардағы ахуалды ашық та астарла­й жеткізуге талпынды.
Фестиваль қорытындысында облыс əкімінің к­убогы "Сағыз" (Атырау облысы, Қызылқоға а­уданы) командасына бұйырды. Одан кейін қа­лжың қарымтасынан "Ару.kz" тобындағы (Арқ­алық қаласы) қарагөздер бəрінен басым түс­ті. Үшінші орынды "ҚазИИТУ" құрамасы (Ора­л қаласы) алды.
"Фемида" командасының (Ақтөбе қаласы) мүш­есі Есет Мырзағалиев "Үздік ойыншы" аталы­мына ие болды.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале