БҚО экономика және бюджетті жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, олар осы қаржыға 19,7 мың бас сиыр және 809 асыл тұқымды бұқа сатып алды.
Өңірде етті бағыттағы ірі қараны ұстап, өнімді экспортқа шығаруға баса көңіл бөлініп келеді. Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы іске қосылғаннан бері облысқа 1648 бас шетелдік асыл тұқымды мал әкелінді. 2012 жылдан бері 33 асыл тұқымды мал шаруашылығы құрылды, қазіргі таңда 18,9 мың бас ірі қараға арналған 51 асыл тұқымды мал шаруашылығы бар. Бұдан бұрын 9,6 мың басқа арналған екі бордақылау кешені (Зеленов ауданында 8640 басқа арналған «Кроун Батыс» ЖШС, Жәнібекте 1 мың басқа арналған «Әлем» ЖШС) жұмыс жасаса, өткен жылы үш бірдей шаруашылық 1600 басқа арналған кешендерді салып бітірді. Бұған қоса тағы үш шаруашылық 1700 басқа арналған бордақылау кешендері құрылысын жүргізуде.
Осы күнге дейін облыстан 1990,5 тонна ет және ет өнімдері экспортқа жөнелтілді, бұл жөнінен өңір республикада алдыңғы қатарда.
Айта кетейік, облыста ірі қара 9,4, қой 12,5, ешкі 7,6, жылқы 12,2, құс саны 0,2 пайызға өсіп отыр.