Жалпы, менің футболға аңсарым 13 жасымнан бастап мықтап ауа бастады. Әуелкіде осы өзіміздің Оралда аулада өзім құралпы балалармен доп қуып, футбол ойнап жүрдік. Кейін «Былғары доп» турниріне қатыса бастадық дегендей, сөйтіп, бүгінгі күнге жеттік.
- Бұл командалардың ешқайсысына да өкпем жоқ. Жаңағы клубтарда кезінде бірге ойнаған жігіттердің бәрімен әлі күнге дейін сәлемім түзу. Көре қалсақ, жарқылдап амандасып, хал-жай сұрасамыз. Біразына сәті түскенде өзім телефон соғып, амандық-саулықтарын біліп тұрамын. Егер команданың ортақ мүддесі үшін жаныңды салып, барыңды салып ойнасаң, жігіттер де, жанкүйерлер де сені жаңа ойыншы ретінде жатсынып-жатырқамайды. Яғни атам қазақ айтпақшы, «Өзі жақсы кісіге қай-қайда да бір кісілік орын бар». Шамасы, менің қорғаныс шебіндегі ойын өрнегіме сүйсінгені шығар, шымкенттік бір жанкүйер мені «Уральский танк» деп әспеттейтін. Сөйтіп, Шымкентте жүргенде «Танк» атанғаным бар.
- Менің түсінігімде, команданың капитаны, ол, ең алдымен, бас бапкердің сенімді көмекшісі. Екінші сөзбен айтқанда, бапкерден кейінгі бапкер немесе играющий тренер дегендей, өзі де ойнайтын бапкер. Сол себепті команданың капитаны спорттық режімді бұзбайтын, команда мүшелерін клубтың ортақ мүддесіне жұмылдыра алатын, бір сөзбен айтқанда, жігіттерге жаппай талап та қоятын, керек кезде қамқор да бола білетін, сонымен қатар жаңа немесе жас ойыншының ұжымға тез сіңіп, бауыр басып кетуіне ықпал етіп, жағдай жасай алатындай тұлға болуы тиіс.
- Франция құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Зинедин Зиданның қорғаныс пен шабуылды шебер жымдастыратындығы, алға да жетіп, артқа да қайтып үлгеретіндігі ұнайтын. Сөйтіп жүріп, ол қарсыластар қақпасына мөлдіретіп гол да салатын. Сосын Испания құрамасы мен Мадридтің “Реалының” қорғаушысы Серхио Рамостың ойын мәнеріне тәнтімін. Жылдамдығы ұшқыр Серхио қарсыластарынан допты сауатты тартып алады және өзі қорғаушы бола тұра, ара-тұра гол да соғып қояды.
Көбіне голды баспен салады.
- Сенемін, ойын басталарда ылғи Алла Тағаладан командамызға сәттілік тілеп, алаңға бетімді сипап шығамын.
- Достарыммен шағын футбол ойнаймын. Конькимен сырғанаған, шаңғымен серуендеген ұнайды. Әсіресе, ауылға, әкемнің туған жері Талдыапанға барғанды жаным қалайды. Ауылға бара қалсам, салт атқа мініп серуендеп, дала кезіп, таза ауа жұтып, бір жасап қаламын. Сондай-ақ ауыл адамдарының дархан пейілінен кәдімгідей күш-қуат аламын. Билегенді жақсы көремін. Есіңізде ме, алдыңғы жылдары біздің командада камерундық Хаман Саджо деген легионер болды ғой, соған қазақтың халық биі «Қара жорғаны» үй-реткенмін. Өзім шақырылған тойларға Саджоны ертіп барып, «Қара жорғаны» билететінмін. Қазанның түп күйесіндей қап-қара зәңгі (негр) жігіттің екі езуі екі құлағында, тісі ақсиып, дымы қалмай «Қара жорғаны» билеп жатқанын көргенде, бірде-бір қонақ орнында отыра алмай, тойға келген жұрттың бәрі билеп кететін.
- Иә, халық та, облыс басшылығы да біздің жоғары топта өнер көрсеткенімізді қалайды. Біздің де арманымыз сол, осы мақсатқа жету үшін барымызды саламыз.
- Мен әкем Зайдолла мен анам Рәштің қос перзентінің үлкенімін. Менен кейін Самал есімді қарындасым бар. Өзім шаңырақты ұстап қалатын жалғыз ұл болғандықтан, менің болашақ жұбайым міндетті түрде ата-анамды сыйлауы шарт. Сондай-ақ ол төңірегіне түгел мейіріммен қарайтын, қазақтың салт-дәстүрін құрметтейтін және тамақты дәмді пісіретін, үйді жайнатып ұстай білетін жан болуы тиіс.
- Бар деп есептеңіз. Ал кім екендігін кезінде көрерсіз, көп қалған жоқ.
- Айтқаныңыз келсін, аға!