Салтанатты шараға келген ұстаздар мен дәрігерлер, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының мүшелері мен партия белсенділеріне гүл шоқтары, ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.
– Әйелдер - бүгінгі қоғамдағы зор күш. Қазір біздің партиямызда 26 мыңдай адам болса, соның алпыс пайызын әйелдер құрап отыр. Мемлекеттік қызметкерлердің де басым бөлігі – әйелдер. Бәріңізді мерекемен шын жүректен құттықтап, отбасылық бақыт, жемісті еңбек, кәсіптік құлшыныс тілеймін! – деді Серік Кенжебекұлы. Облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі, ақын Ұлдай Сариева, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың оқытушысы, ғылым кандидаты Захот Мұхлисова, Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылдық клубының меңгерушісі, бес баланың анасы Толқын Исмағұлова және басқалары жауап сөзінде өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты.