Қазмедиа орталығында Өңірлік БАҚ форумында қазақстандық масс-медиа мәселелері, олардың жай-күйі мен даму келешегі қарастырылды.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ басшылары, журналистері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ресей Федерациясының танымал тележурналистері: Гильдеева Л.Ф., Россиус И.А., Виль А.А қатысты.
Форумның басында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев атап айтқандай, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақтық масс-медианы жаңа деңгейге көтеру шараларын қолға алуда. Сонымен бірге бүгінгі іс-шара бұл бағыттағы бірінші қадамы ғана.
«Қазіргі күннің талабы-ақпаратты жедел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызығушылығын дәл тауып, оқырманмен тікелей байланыс орната білу. Сонымен қатар, елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын халыққа тиімді тәсілдермен жеткізу»,-деді министр.
Форум барысында үш сессияда қазақстандық журналистер мен қоғамды алаңдататын өзекті мәселелер талқыланды: қазақстандық медианарықтың дағдарыс-менеджменті (модератор Кертаев Р.Д., «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары); БАҚ-та материалдар берудің жаңа форматы, конвергенттік журналистика мәселелері (модератор Россиус И.А., «Россия 1» телеарнасының жүргізушісі, Москва қ.); өңірлік БАҚ-тың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимылы (модератор Игісінов Е.К., «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары).
«Еркін микрофон» форматында қатысушылар жұмыс тәжірибесімен алмасты және қазақстандық БАҚ-ты тиімді дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар айтты.
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі