18.11.2016, 10:30
Оқылды: 38

Өңірлік БАҚ-тың келешегі Астанада өткен форумда талқыланды

 %d0%b0%d0%ba%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%82-%d0%bc%d0%b8%d0%bd%d0%b8%d1%81%d1%82%d1%80%d0%bb%d0%b8%d0%b3%d0%b8  Қазмедиа орталығында Өңірлік БАҚ форумында қазақстандық масс-медиа мәселелері, олардың жай-күйі мен даму келешегі қарастырылды.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, республикалық және өңірлік БАҚ басшылары, журналистері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ресей Федерациясының танымал тележурналистері: Гильдеева Л.Ф., Россиус И.А., Виль А.А қатысты.


Форумның басында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев атап айтқандай, министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша аймақтық масс-медианы жаңа деңгейге көтеру шараларын қолға алуда. Сонымен бірге бүгінгі іс-шара бұл бағыттағы бірінші қадамы ғана.

«Қазіргі күннің талабы-ақпаратты жедел әрі сапалы тарату ғана емес, тұтынушының қызығушылығын дәл тауып, оқырманмен тікелей байланыс орната білу. Сонымен қатар, елдің мүддесін, халықтың мұң-мұқтажы мен өңірдегі басқа да өзекті мәселелерді терең сараптап, мемлекеттік саясаттың бағыт-бағдарын халыққа тиімді тәсілдермен жеткізу»,-деді министр.

Форум барысында үш сессияда қазақстандық журналистер мен қоғамды алаңдататын өзекті мәселелер талқыланды: қазақстандық медианарықтың дағдарыс-менеджменті (модератор Кертаев Р.Д., «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары); БАҚ-та материалдар берудің жаңа форматы, конвергенттік журналистика мәселелері (модератор Россиус И.А., «Россия 1» телеарнасының жүргізушісі, Москва қ.); өңірлік БАҚ-тың баспасөз қызметтерімен өзара іс-қимылы (модератор Игісінов Е.К., «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары).

«Еркін микрофон» форматында қатысушылар жұмыс тәжірибесімен алмасты және қазақстандық БАҚ-ты тиімді дамыту бойынша сындарлы ұсыныстар айтты.

Қазақстан Республикасының

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале