30.03.2021, 17:28
Оқылды: 11

«AstraZeneca» вакцинасының атауы «Vaxzevria» болып өзгерді

Оксфорд университетімен бірге коронавирус вакцинасын жасаған британиялық-шведтік «AstraZeneca» компаниясы препараттың атауын «Vaxzevria» деп өзгертті.

вакк

Оның айтуынша, вакцина атауының өзгеруі басқа өзгерістерге әкелмейді. Сонымен қатар мамандардың бұл атау туралы білуі керектігін алға тартады, өйткені препараттың қаптамасы мен таңбалануы түпнұсқадан өзгеше болуы мүмкін дейді. Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) 25 наурызда «AstraZeneca» компаниясы берген тиісті өтінімді қарағаннан кейін вакцинаның жаңа атауын мақұлдады. «Vaxzevria – бұл 18 және одан жоғары жастағы адамдарда SARS-CoV-2 вирусы тудыратын коронавирус инфекциясының (COVID-19) алдын алуға арналған вакцина», - делінген EMA хабарламасында.

 

inform.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале