15.04.2020, 21:16
Оқылды: 192

16-24 сәуір аралығында қаладағы коғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлімдеді.

4F367ECE-D2C5-4537-8A41-0934E2B6D9B9

- 16 сәуір мен 24 сәуір аралығында карантиндік режім күшейтілгелі отыр. Тұрғындар мен жеке көліктер қозғалысына бақылау күшейтіледі. БҚО бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес кейбір кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы шектеледі. Алайда денсаулық сақтау және үйден медициналық қызмет көрсетуші ұйымдардың, дәріханалар мен стоматологиялардың, дезинфекция жасайтын ұйымдардың тізімдері анықталды, олар жұмыстарын ары қарай жалғастырады. Одан басқа әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары, атап айтқанда интернаттар мен орталықтардың жұмыстары да карантиндік режім жағдайында жалғасын таба береді. Қаламыздың тыныс-тіршілігіне, инфрақұрылымына қызмет көрсететін коммуналдық мекемелер, тамақ өндірісі мен ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар, мемлекеттік тапсырысты орындаушы зауыттар мен өнеркәсіп орындары да жұмыс істейді. Ең бастысы карантиндік режім уақытында сауда нүктелерін қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп тұру мақсатында көтерме сауда базарлары мен супермаркеттер де жұмыс істейтін болады.

Қаламызда мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында көптеген құрылыс, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс жасап жатқан құрылыс компанияларының қызметіне шектеу қойылмайды. Бұдан өзге құрылыс компаниялары 16-24 сәуір аралығында жұмысын тоқтатуы тиіс. Медициналық мекемелерге қызмет ететін қонақүйлерге де рұқсат берілді. Заңды түрде тіркелген такси тасымалы қызметіне де шектеу жоқ. Жұмысын тоқтатқан мекеме-кәсіпорындардың қауіпсіздік қызметіне жұмыс істеуге рұқсат берілді. Бүгіннен қалмай жұмысы тоқтатылатын мекемелерге смс-хабарлама жіберіледі.

Құрметті қала тұрғындары! Карантиндік режімді қатаң сақтауларыңызды сұраймын. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 16-24 сәуір аралығында қаладағы коғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады.

Жоғарыда қызметін жалғастыруға  рұқсат берілген кәсіпорындар өз қызметкерлерінің жұмыс орындарына келіп-кетуін ұйымдастырулары тиіс. Егер жеке көліктерімен қатынауды ұйымдастырған жағдайда әрбір жұмыс берушінің қолымен расталған анықтамамен бірге маршруттық нүсқамасы болуы керек. Бұл мәселені қатаң бақылауға аламыз, - деді Абат Абайұлы.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале