19.03.2015, 13:39
Оқылды: 21

Жол қоры құрыла ма?

eec631efd3705b344ee73582ddc6980b


Автожолдарды ұстап тұру мәселесін тек жүргізушілер арқылы шешу жөн болмайды. Қазақстан халқының санына шағып қарағанның өзінде елдің аумағы мен ондағы аутожолдарды ұстап тұру шығынын жұртшылық есебінен шешу мүмкін емес.


Сондықтан бюджеттік тұрғыдан да қаражатпен қамтамасыз ету керек. Осыған байланысты жолдар қорын құру туралы ұсыныс айтылуда. Аталмыш мәселе мемлекеттік органдарда талқылануда. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОҚК-да өткен брифингте Парламент Мәжілісінің депутаты Серікбай Нұрғисаев мәлім етті. «Жалпы, аутожолдар мәселесінде халықтың төлемге қабілеттілігін де ескеру керек, - деді ол. - Мәселен, бүгінгі таңда Көкшетау мен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша орташа жалақы деңгейі мен батыс өңірлерінің төлемге қабілеттілігін салыстыруға келмейді. Бұл ретте автожолдарға ақылы жүйені енгізу негізінен олардағы көліктер ағынына да қатысты болуы тиіс».

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале