2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді.
Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.
БЖТ:
қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады.
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
Жарнаны:
- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді:
ü Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)
ü egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)
ü Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)
ü Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)