23.12.2021, 12:21
Оқылды: 134

2022 жылдан бастап МӘМС-ке бөлінетін жарналар мен аударымдар көлемі өзгереді

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгереді.

9

 

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.

БЖТ:

қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге;

ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.

Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады.

Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

Жарнаны:

- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;

- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;

- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;

- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;

- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады.

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді:

ü Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)

ü egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)

ü Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

ü Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале