ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 1 жартыжылдығында ведомство "Е-Өтініш" АЖ, "Documentolog" АЖ, ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің "Ашық диалог"порталының блог-платформасы арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 15 мыңнан астам өтініштерін қарады.
Сондай-ақ ҚР ДСМ ресми интернет-ресурста бекітілген және орналастырылған кестеге сәйкес І жартыжылдықта Министрлік басшылығының 37 қабылдауы ұйымдастырылды, 314 адам қабылданған.
Сонымен қатар Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған 74-37-27 "Сенім телефоны" және 74-32-43, 74-32-40 анықтама телефондарының жұмысына қатысты 2400-ден астам қоңырау қабылданды. Ал Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 478 өтініш беруші қабылданған.
Өтініштерді талдау негізінде ең өзекті мәселелер бөлінеді:
- денсаулық сақтау және санитария саласындағы өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру;
- амбулаториялық-емханалық көмек;
- дәрілік заттарды қазақстандық дәрілік формулярға қосу;
- мүгедектігі бар адамдарға медициналық қызмет көрсету.