4.08.2023, 15:15
Оқылды: 135

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Денсаулық сақтау министрлігі 15 мыңнан астам өтініш қарады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылдың 1 жартыжылдығында ведомство "Е-Өтініш" АЖ, "Documentolog" АЖ, ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің "Ашық диалог"порталының блог-платформасы арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 15 мыңнан астам өтініштерін қарады.

5a2b9dcfc7c4a0c4919d097ded7983d0_1280x720

Сондай-ақ ҚР ДСМ ресми интернет-ресурста бекітілген және орналастырылған кестеге сәйкес І жартыжылдықта Министрлік басшылығының 37 қабылдауы ұйымдастырылды, 314 адам қабылданған.

Сонымен қатар Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған 74-37-27 "Сенім телефоны"  және 74-32-43, 74-32-40 анықтама телефондарының жұмысына қатысты 2400-ден астам қоңырау қабылданды. Ал Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 478 өтініш беруші қабылданған.

Өтініштерді талдау негізінде ең өзекті мәселелер бөлінеді:

- денсаулық сақтау және санитария саласындағы өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру;

- амбулаториялық-емханалық көмек;

- дәрілік заттарды қазақстандық дәрілік формулярға қосу;

- мүгедектігі бар адамдарға медициналық қызмет көрсету.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале