ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын суару каналдарын реконструкциялау және жаңғырту жобаларын жүзеге асырып жатыр. Осы жылдың қорытындысы бойынша 962 шақырым каналды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл өз кезегінде 200 мың гектарға жуық суармалы жердің сумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді.
