Халықпен есептік кездесуде Орал қалалық мəслихатының N9 сайлау округі бойынша депутаты Жантас Сафуллин 2017 жылға аталған округ бойынша жоспарланған шаралармен таныстырды.
Біріншіден, Шевченко, Исаев көшелерінде Әйтиевтен Нұрпейісова атындағы көшеге дейін күрделі жөндеу, Ықсанов көшесінде Чагано-Набережнаядан Рубежин көшесіне дейін қайта құру жұмыстары жалғасады.
Екіншіден, Досмұхамедов, Ахмеров, Кердері көшелерін күрделі жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалуда. Оған қоса Дәулеткерей көшесін Чагано-Набережнаядан Елизаров көшесіне дейін жөндеуге ЖСҚ дайындау көзделуде.
Үшіншіден, Мұхит көшесі бойындағы 46/3, 46/4 және Досмұхамедов бойындағы 77/1 тұрғын үйлерінің аулаларын абаттандыруға мемлекеттік сатып алуға конкурс жарияланды. Қазіргі кезде Сарайшық, 56, Д.Нұрпейісова, 14/1, 14/2, 14/3, Құрманғазы, 165-үйлерінің аулаларын абаттандыруға ЖСҚ әзірленуде.
Төртіншіден, Ысқырықтаудағы қалалық бейітті абаттандыруға қаржы бөлінеді. Соған сәйкес бейіт қоршалып, ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
zhaikpress.kz