27.09.2021, 15:41
Оқылды: 88

6 млн.-нан астам қазақстандық вакцина алып, елде эпиджағдай жақсарды

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Бүгінгі эпиджағдай туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

602B67A8-650E-4E4D-8F59-4518D0D7A565

«Қазақстандықтар коронавирус дәуірінде өмір сүріп жатқанын түсіну керек. Қазіргі уақытта 6 миллионнан астам қазақстандық толық вакцина алды. Бүгінде халықтың белгілі бір бөлігінде иммундық қабілет жақсарып, сәйкесінше, эпиджағдай жақсарып келеді», - деді А. Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, министр елімізде салтанатты іс-шара өткізуге рұқсат беруге қатысты өз пікірін білдірді.

«Эпидахуал және дағдарыс кезінде бизнесті қолдау, олардың қауіпсіздігін қамту маңызды. Той-думан өткізуге рұқсат берілгенімен, оның нақты талабы барын ұмытпаған жөн. Ол талаптардың сақталуын санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі қадағалайтын болады. Осы орайда бизнес өкілдерін карантин талаптарын жұмсартуымызға түсіністік танытып, жұмыс барысында ортақ ережені қатаң сақтауға шақырамыз», - дейді ол.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале