Облыс әкімі Нариман Төреғалиев азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдап, өтініш-тілектерін тыңдады. Онда тұрғын үймен қамту, еңбек қатынастарын реттеу, мүгедектігі бар адамдар үшін инватакси қызметі және мәдени іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері көтерілді. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және экологиялық жобаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Аймақ басшысына өңірдегі жол құрылысына қатысты жаңа жоба таныстырылды. Нариман Төреғалиев бастаманың маңыздылығына тоқталып, оны сапалы іске асыру тетіктерін талқылады.

Қабылдауға облыс әкімінің орынбасарлары мен салалық басқарма басшылары қатысты. Әрбір өтінішті мұқият тыңдаған аймақ басшысы заңнама шеңберінде түсініктеме беріп, жауапты құрылымдарға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тұрғындар қойған сұрақтар мен көтерілген мәселелер облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.