Облыс әкімінің халықпен кездесуінде өңірді дамытудың негізгі мәселелері талқыланды. Олардың ең маңыздысы Қарашығанақ кен орнын дамыту. Бүгінде аталған мәселенің жоспары ұсынылған. Оның шеңберінде 2028 жылға дейін қуаттылығы жылына 4 млрд текше метр көгілдір отын шығаратын жаңа газ өңдеу зауытын салу. Бұл жоба өңірдің экономикалық базасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
2025 жылы негізгі капиталға 841 млрд-қа теңгеге жуық инвестиция күтілуде, оның 576 млрд теңгесі тікелей шетелдік инвестицияларды құрайды. Жоспарланған ірі жобалардың қатарында құны 1,2 млрд теңгені құрайтын тұрмыстық химия өндірісі, қуаттылығы 4 мың тонна алюминий сым мен көкөніс қоймасын салуға 720 млн және тиісінше 2 млрд теңге құйылмақ. Сондай-ақ, кореялық инвестормен қалдықты қайта өңдеу және күн энергиясын пайдалану, мұнай-газ саласына қажетті қоспа өндіретін кәсіпорын салуға 4 млрд теңге қарастырылады.
Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құрып қана қоймай, аймаққа салық түсімдерін айтарлықтай арттырады. Әкім атап өткендей, мұндай жобалар инфрақұрылымды жақсартуға және азаматтардың өмірі мен жұмысы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді. Жергілікті халықтың өмір сүру сапасына оң әсер етеді. Бұл іс-шаралардың маңыздылығын асыра бағалау мүмкін емес, өйткені олар аймақтың экономикалық өсуі мен дамуын қолдайды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz