20.10.2026, 17:30
Оқылды: 56

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 29 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Жайық Пресс» ЖШС медиахолдингіне қарасты мерзімді баспасөз басылымдарында сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың төлем мөлшері мен шарттары туралы

Мәслихат сайлау 2026

«Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 және 33-баптарын, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27 және 28-баптарын, «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы Заңын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы №90/178 қаулысымен бекітілген, 2026 жылғы 30 маусымдағы №23/37 қаулымен жаңартылған сайлау алдындағы үгітті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру және сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету қағидаларын басшылыққа ала отырып, төмендегіні хабарлайды:

2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына байланысты «Жайық Пресс» ЖШС меншігіндегі облыстық және аудандық мерзімді баспасөз басылымдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақылы баспасөз алаңын ұсынады.

  1. Үгіт материалдарын орналастыру құны

Облыстық газеттер:

«Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінде сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны:

* 1 шаршы сантиметр – 352 (үш жүз елу екі) теңге;

* 500 шаршы сантиметр – 176 000 теңге;

* 1 000 шаршы сантиметр – 352 000 теңге.

Аудандық газеттер:

«Жайық Пресс» ЖШС меншігіндегі 12 аудандық мерзімді баспасөз басылымдарында («Ауыл айнасы», «Ауыл тынысы», «Бөрлі жаршысы», «Ғұмар елі», «Екпін», «Жайық таңы», «Жаңарған өңір», «Қаратөбе өңірі», «Орда жұлдызы», «Серпін», «Сырым елі», «Теректі жаңалығы») сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны:

* 1 шаршы сантиметр – 220 (екі жүз жиырма) теңге;

* 500 шаршы сантиметр – 110 000 теңге;

* 1 000 шаршы сантиметр – 220 000 теңге.

Сайт пен әлеуметтік желілер:

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің  https://zhaikpress.kz сайтына сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны:

*1 символ – 50 (елу) теңге

*сайттың Instagram,  Facebook, TikTok әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына 1 пост – 15 000 (он бес мың) теңге

*сайттағы бір баннерге орналастыру құны:

№1 баннер (жылжымалы, 1280х300 px) – 30 000 (отыз мың) теңге;

№2 баннер (940х300 px) - 25 000 (жиырма бес мың) теңге;

№3 баннер (240х400 px) – 20 000 (жиырма мың) теңге;

№4 баннер (200х300 px) – 15 000 (он бес мың) теңге;

№5 баннер (200х200 px) – 12 000 (он екі мың) теңге.

Көрсетілген тарифтер барлық тіркелген кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар үшін бірдей қолданылады.

Бағаларға қосылған құн салығының енгізілу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленеді.

  1. Үгіт материалдарын орналастыру мерзімі

Сайлау алдындағы үгіт материалдары 2026 жылғы 1 қараша сағат 18:00-ден бастап 2026 жылғы 28 қараша сағат 00:00-ге дейінгі кезеңде жарияланады.

2026 жылғы 28 қарашада және дауыс беру күні – 29 қарашада сайлау алдындағы үгіт материалдарын жариялауға жол берілмейді.

Материалдар газеттердің бекітілген шығу кестесіне сәйкес орналастырылады.

  1. Үгіт материалдарын жариялау шарттары
  1. Үгіт материалдары тиісті сайлау комиссиясында тіркелген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың жазбаша өтініштері негізінде қабылданады.
  2. Үгіт материалдарын орналастыру үшін тапсырыс беруші мен «Жайық Пресс» ЖШС арасында жазбаша шарт жасалады.
  3. Тапсырыс беруші кандидаттың тіркелгенін растайтын куәлікті немесе саяси партияның партиялық тізімін тіркеу туралы тиісті сайлау комиссиясы шешімінің көшірмесін ұсынады.
  4. Үгіт материалдарын жариялау ақысы Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасында белгіленген тәртіппен кандидаттың немесе саяси партияның сайлау қоры қаражатынан төленеді.
  5. Үгіт материалдарын орналастыру барлық кандидаттар мен саяси партиялар үшін тең талаптармен жүзеге асырылады. Белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық беруге жол берілмейді.
  6. Үгіт материалдарын жариялау кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен, ал өтініштер бір мезгілде түскен жағдайда жеребе арқылы айқындалады.
  7. Үгіт материалдары редакцияға электрондық форматта, баспаға дайын күйінде және жарияланатын газет нөмірінің өндірістік кестесіне сәйкес алдын ала ұсынылады.
  8. Үгіт материалдарының мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясына және қолданыстағы заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.
  9. Үгіт материалдарында оларды шығарған ұйым, басып шығарылған орны, таралымы, тапсырыс беруші және қандай қаражат есебінен төленгені туралы заңнамада көзделген мәліметтер көрсетіледі.
  10. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған мазмұндағы, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар жариялауға қабылданбайды.
  11. Үгіт материалдарын орналастыру үшін ұсынылатын баспасөз алаңының көлемі мен жариялану күні газеттің техникалық мүмкіндіктерін және барлық кандидаттарға тең жағдай жасау қағидатын ескере отырып айқындалады.
  12. Үгіт материалдары заңнамада белгіленген тәртіппен басқа редакциялық материалдардан ажыратылып орналастырылады.
  1. Үгіт материалдарын қабылдау тәртібі

Үгіт материалдарын жариялауға өтініштер «Жайық Пресс» ЖШС редакцияларында қабылданады.

Өтініште кандидаттың немесе саяси партияның атауы, жарияланатын басылым, материалдың көлемі, болжамды жариялану күні және байланыс деректері көрсетіледі.

Материалдарды жариялау шарттары, есеп айырысу тәртібі, техникалық талаптары және тараптардың міндеттемелері тиісті шартпен айқындалады.

  1. Байланыс деректері

«Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1

Байланыс телефоны: 50-30-14 (қабылдау бөлімі),

54-04-90 (бухгалтерия), 51-51-09 (жарнама).

Электрондық пошта: 2015_kb@mail.ru

Осы ақпараттық хабарлама «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес жарияланады.

 

«Жайық Пресс» ЖШС әкімшілігі

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале