3.11.2021, 12:48
Оқылды: 43

АҚШ-қа шетел азаматтарының кіру тәртібі өзгерді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне дипломатиялық арналар арқылы келіп түскен ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы 8 қарашадан бастап АҚШ-тың Азық-түлік пен дәрі-дәрмектердің сапасы бойынша санитарлық қадағалау басқарамасы немесе ДДҰ мақұлдаған препараттармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялауды растайтын сертификаты (паспорты) бар адамдарға ғана АҚШ аумағына кіруге рұқсат етіледі, – делінген хабарламада.

969c6f34087781cd324dc6af8b59289a

Бекітілген тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson&Johnson, AstraZeneca, Covishield, BIBP/Sinopharm, Sinovac сияқты вакциналар кіреді.Осыған байланысты, аталған сертификаттар вакцинацияға жауапты мемлекеттік орган бекіткен нұсқа бойынша рәсімделуі тиіс. Бұл құжаттардың түпнұсқалығын авиакомпания қызметкерлері АҚШ-қа ұшқанға дейін тіркеу кезінде тексереді. Сонымен қатар жаңа талаптар 18 жасқа дейінгі балаларға, вакцинациялауға құжатпен қарсы көрсетілімдері бар адамдарға, сондай-ақ дипломатиялық, қызметтік және транзиттік санаттағы визалары бар мемлекеттік қызметшілерге немесе олардың отбасы мүшелеріне және халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылмайды.

 BAQ.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале