9.09.2022, 16:45
Оқылды: 68

АҚШ-та маймыл шешегінен екінші адам қайтыс болды

Калифорния штатының денсаулық сақтау органдары маймыл шешегі вирусы табылған адамның өлімін тексеріп жатыр. Бұл АҚШ-тағы осы ауруға шалдығып, қайтыс болған екінші жағдай, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап.

24

Бейсенбіде Лос-Анджелес округінің докторы Рита Сингхал мәйітке сараптама жүргізілетінін айтты. Медициналық тексеру бірнеше аптаға созылуы ықтимал.

Р. Сингхалдың айтуынша, Лос-Анджелес округі өлім мәселесін мемлекеттік және федералды денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп тексеріп жатыр. Осының нәтижесінде маймыл шешегіне шалдыққан науқастарды емдеу хаттамасына өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Калифорнияда маймыл шешегі вирусының 4140 жағдайы тіркелген. Бұл, елдің басқа штаттарына қарағанда көп. АҚШ-та барлығы 20 мың адам вирус жұқтырған.

Ауруларды бақылау және профилактика орталықтары АҚШ-тан тыс жерлерде маймыл шешегінен 18 адам көз жұмғанын есептеген.

Фото: tass.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале