27.03.2022, 17:50
Оқылды: 73

АҚШ Украинаға қосымша 100 млн доллар бөледі

Қосымша қаржыландыру жеке қорғаныс құралдарының, дала жабдықтарының, дәрі-дәрмектердің, бронетехникалардың және байланыс құралдарының тұрақты жеткізіліп отыруына мүмкіндік береді.
4e64d9fbb0494e38838a5b0ea54967c0
Сурет: pixabay

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен АҚШ Украинаға азаматтық қауіпсіздікке көмек көрсету мақсатында қосымша 100 миллион доллар беруге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды CNN.

Бұл қаражат Украинаның Ішкі істер министрлігінің қажетті шекаралар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық тәртіпті бақылау функцияларын қолдау және маңызды үкіметтік инфрақұрылымдарды қорғау жөніндегі әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қосымша қаржыландыру жеке қорғаныс құралдарының, дала жабдықтарының, дәрі-дәрмектердің, бронетехникалардың және Украинаның мемлекеттік шекара қызметі мен ұлттық полициясы үшін керекті байланыс құралдарының тұрақты жеткізіліп отыруына мүмкіндік береді.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале