29.07.2022, 18:48
Оқылды: 205

Ақтөбелік әскери қызметкер үздік полиглот атанды

Оралда Ұлттық ұланға қарасты 5517 әскери бөлімінің базасында жергілікті емес әскери қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл-менің тілім» байқауының екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

тіл3

Байқау Батыс өңірінің мемлекеттік тіл мамандарының екі күндік оқу-әдістемелік жиынына орайластырылды.

Айта кетерлігі, байқаудың бұл кезеңіне Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Жаңаөзен және Орал қалаларынан бірінші кезеңнің алты жеңімпазы қатысты.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»  байқауының  әділқазылар құрамында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Жоғарғы Басқолбасшылығы Тіл саясаты және ақпарат  бөлімнің  аға офицері, подполковник Мұратбек Құдайбергенов, Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы м.а  Света Ғаниева, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология кафедрасының аға оқытушысы Ганмиркун Тұрғаналиева, Орал қалалық полиция бөлімінің коммуникациялары ішкі және сыртқы істер тобының жетекші маманы Гүлжиян  Қарағойшиева, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қоры бөлімінің бастығы Айжамал Әбдірахманова және «Батыс» өңірліқ қолбасшылығы басқармасының әскери қызметкері ефрейтор Ақжарқын Қабекеновалар болды.

тіл

– Жыл сайын қазақ тілін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жергілікті емес ұлттың әскери қызметкерлері арасында байқау өткізіледі. Мемлекеттік тілді насихаттауға арналған. Бүгінгі таңда заманауи адам жан-жақты тұлға болуы, басқа мәдени кодтар мен тілдерді қабылдай білуі керек. Вольтер айтқандай, «Көп тіл білу – бір құлыптың көп кілтіне ие болу деген сөз, - деді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Жоғарғы қолбасшылығы Тіл саясаты және ақпарат  бөлімінің аға офицері, подполковник Мұратбек Құдайбергенов.

Сайысқа қатысушылар төрт номинация бойынша сынға түсті. Бірінші айналымда сарбаздар өздері туралы, өздері қызмет ететін қала туралы әңгімелеп, қазақ тілінде өлеңдер оқыды. Екінші кезеңде Отан, парыз, намыс, отбасы, тәрбие туралы мақал-мәтелдер туралы білімдері ашылды. Үшінші кезеңде қатысушылар қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларынан үзінділер, тарихи тұлғалардың пікірлерін оқып, сахналық образ жасады. Қорыта келгенде, олар қазақ тарихынан сыр шертетін экспромттық көріністерге қатысып, айтысқа қатысып, домбырамен шебер ойнап, патриоттық әндер шырқады.

тіл2

Нәтижесінде 6655 әскери бөлімінен (Ақтөбе қ.) ефрейтор Анатолий Галкин жарыс жеңімпазы атанды. 5517 (Орал) әскери бөлімінен келген ефрейтор Игорь Шейко жеңімпаздан біршама қалып қойды. Үшінші орын 3502 әскери бөлімінен (Ақтау) қатардағы жауынгер Кирилл Коневке бұйырды.

Жеңімпаздарға «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы атынан дипломдар мен бағалы сыйлықтарды Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының бастығы полковник Ерден Балғымбаев пен Батыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының бастығы Света Ғаниева табыстады.

- Маған басқа тілдерді, соның ішінде қазақ тілін үйрену ұнайды, - дейді жеңімпаз. – Менің қызметімде әріптестермен тіл табысу керек. Тіл білу – еркіндік, өмірде жаңалық жасауға мүмкіндік беретін жаңа мүмкіндіктер, өзімді жүзеге асыра аламын, достарымның ортасы кеңейді, қазақ авторларын түпнұсқадан оқуға мүмкіндігім бар, – дейді байқау жеңімпазы, ефрейтор Анатолий Галкин.

тіл3

Ендігі кезекте, бірінші орын иегері ағымдағы жылдың қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауының финалдық кезеңінде Батыс өңірінің намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Айта кету керек, мемлекеттік тілді дамыту, құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері арасында қазақстандық патриотизмді нығайту тәрбие және идеологиялық жұмыстың маңызды элементі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале