ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
24 Қаңтар 2022

ҚР Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс
24 Қаңтар 2022

Қазақстандықтар жарылғыш зарттар мен оқ-дәрі тауып алған жағдайда не істеуі тиіс

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде
24 Қаңтар 2022

Қазақстанда азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу науқаны өтуде

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды
24 Қаңтар 2022

«Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің саны 50% қысқартылатын болды

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
24 Қаңтар 2022

Батыс Қазақстан облысында 35 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды
24 Қаңтар 2022

Сауд Арабиясында баллистикалық зымыран атылды

28.09.2021, 19:05
Оқылды: 79
Ақтоты Райымқұлова Президентке мемлекет қаржыландыратын 42 фильм жайында есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, спорт, туризм және архив салаларында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мәлімет берілді. Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, өнер және мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына арналған іс-шаралар туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

B075AFF6-D142-4565-9589-411EAEA7025F

Ақтоты Райымқұлова Мемлекет басшысына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысы, Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы, сондай-ақ «Кинематография туралы» Заңға енгізілетін толықтырулар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл сарапшылар кеңесі мен ведомствоаралық комиссия мақұлдаған 42 киножобаны қаржылай қолдау жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаевқа шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қарай қаржыландыру жұмысы туралы ақпарат берілді. Елімізде балалар мен жасөспірімдердің 50 пайызын қамтыған 22 мыңға жуық шығармашылық үйірме мен 126 мың спорт секциясы жұмыс істейді. Министр мәдениет және спорт салаларындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесу барысында ішкі туризмді дамытудың перспективалары, осы саланы цифрландыру мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта бірқатар цифрлық шешімдер іске қосылды. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порталы, Туризм онлайн, View Project, eQonaq жүйесі, гидтердің бірыңғай тізімі, сондай-ақ көрсетілген қызмет сапасына қатысты пікір немесе шағым қалдыруға мүмкіндік беретін E-Shagym модулі сияқты жаңа ресурстар әзірленіп жатыр. Президентке ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықтың жағдайы туралы баяндалды.

Бүгінде Қазақстан атынан Бүкіләлемдік мұра тізіміне тарихи және мәдени он ескерткіш енгізілген. Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, министрлік ЮНЕСКО тізіміне материалдық және материалдық емес мәдени мұраның жаңа нысандарын енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев министрге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале