27.02.2023, 11:01
Оқылды: 127

Ақын, белгілі журналист Өмірзақ Ақбасовтың жаңа кітабы жарық көрді

Жуырда Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын Өмірзақ Ақбасовтың «Сағыныш екен бала кез» атты жаңа кітабы жарық көрді.

кітап

Бұл кітапқа кейінгі жылдары жазылған өлеңдері, екі шағын әңгімесі мен ой-толғамдары енгізілді. Ардагер журналистің су жаңа еңбегі Орал шаһарындағы «Полиграфсервис» ЖШС баспасынан басылып шықты.

Өмірзақ Ақбасов ауылда туып, бар ғұмырын кіндік қаны тамған жерде өткізіп келеді.

Шығармашылықпен айналысуды жаны сүйеді. Оның сыршыл өлеңдерінен көңілі дархан даласындай кеңдікті, қырандай еркіндікті, періштедей адалдықты аңсайтынын аңғару қиын емес.

Айта кетсек, бұған дейін қаламгердің «Тіршілік тынысы», «Өмір толғауы», «Құлагер ғұмыр», «Күрең күз» атты жыр жинақтары жарыққа шықты.

Алтынбек Ермекқалиев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале